Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел адам мен жас бала қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 24 сәуірде Алматы – Өскемен автожолында болған

Фото: polisia.kz

Алматы облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан әйел адам мен жас бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 24 сәуірде Алматы – Өскемен автожолының 190 шақырымында болған.

«Көксу ауданында Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, автокөлік аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан әйел адам мен бүлдіршін бала мерт болды. Әртүрлі жарақатпен 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Ауруханаға жатқызылғандардың арасында үш кәмелетке толмаған бала бар.

Оқиға орнында полицейлер жұмысты жалғастырып, ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.