$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.04.2023, 09:48
Оқиғалар

Қызылорда танысын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қызылорда танысын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ​24 сәуірде полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

«Хабарлама бойынша полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, соның салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғаны анықталды», - деді Қызылорда қалалық ПБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі Ғалымжан Табынбай.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Бұл қылмысқа күдіктелген азамат оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Ғ. Табынбай.

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары