$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2023, 08:17
Оқиғалар

Маңғыстауда 527 киіктің мүйізін сатып алған ер адам жеті жылға сотталды

Сондай-ақ оған бес жылға аң аулауға тыйым салынды

Маңғыстауда 527 киіктің мүйізін сатып алған ер адам жеті жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында ер адам Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сатып алып, қайтадан қымбатқа сатуды жоспарлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, істі Бейнеу аудандық соты қарады.

«Тергеушілердің мәліметінше, 26 қаңтарда Маңғыстау тұрғыны 144 келі (527 дана) киік мүйізін сатып алған. Ол мұйіздерді үстіне ақша қосып, қымбатқа сатуды жоспарлаған, бірақ оның ойы іске аспады. Сот ер адамның мәміле кезінде немесе одан кейін ұсталғанын нақтыламады», - делінген хабарламада.

Ерекше iрi залал келтiре отырып, жануар қалдықтарын заңсыз сақтап және сатумен айналысқаны үшін 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Прокурор айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сот ер адамды кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған бес жылға аң аулауға тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары