ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 106 310-ға жетті

Алматыда итін серуендетуге кетіп, қайтып оралмаған жасөспірімнің денесі табылды

Бозбала итінің қарғыбауына асылып тұрған жерінен табылған

Фото : friends.kz

Алматыда итін среуендетуге шығып кеткен жасөспірім қайтып үйіне оралмаған. Көп ұзамай оның денесін мектеп күзетшісі тауып алған. Алдымен әлеуметтік желілерде тарап кеткен оқиға туралы деректі полиция өкілдері де растады. 

Интернет қолданушысы таратқан дерекке сүйенсек, 6 наурыз күні Орбита-3 ықшамауданындағы №45 мектептің спорт алаңында 16 жастағы жасөспірім асулы күйінде табылған. Оның үстінде тек футболкасы ғана болған.

Бозбаланың туыстарының айтуынша, жасөспірім түнде итін серуендетуге шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Мәйітті таңғы сағат 4.00 шамасында мектеп күзетшісі тауып алған. Қайтыс болған жасөспірімнің достары оның итін келесі күні тапқан. Олардың айтуынша, итті әлдебіреулер әбден ұрып-соққан көрінеді.    

Белгілі болғандай, марқұм Башқұртстаннан келген. Достарының айтуынша, үнемі ашық-жарқын, көңілді жүретін бала ән жазумен айналысыпты, мектептен соң Чайковский атындағы колледжге түсуді армандаған. Соңғы кездері жаңа ән жазып жүргенін айтқан екен.

Алматы қаласы Полиция департаменті бұл жайт бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

«Алматы қаласы Полиция департаменті аталмыш қылмыстық деректің ҚР ҚК 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Істі Бостандық ауданы Полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Жасөспірімнің нақты неден өлгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. 2003 жылы туған З. атты жасөспірімнің мәйітін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмады», - дейді Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.