$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2023, 11:27
Оқиғалар

Елордада соңғы екі тәулікте құтқару бөлімшелеріне 3500-ден астам қоңырау түскен

ТЖД өкілдері тұрғындарынан қала сыртына шықпауды сұрайды

 

Елордада соңғы екі тәулікте құтқару бөлімшелеріне 3500-ден астам қоңырау түскен
Коллаж: Azattyq Ruhy

Ауа райына байланысты елордада соңғы екі тәулікте құтқару бөлімшелеріне 3500-ден астам қоңырау түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Қалалық ТЖД мәліметінше, құтқару бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

«Қар құрсауынан 2 автокөлік эвакуацияланды, адамдар қалаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск. ТЖД қызметкерлері жоғары өтімді техникамен қаладан шығу бағыттары бойынша патрульдеу жүргізуде», - делінген хабарламада.

Тақырыпқа орай: Ауа райына байланысты республикалық жолдардың 14 бөлігіне шектеу қойылды

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына барудан бас тарту, қырағы болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау ұсынылады.

«Құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын», - делінген ТЖД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары