14.04.2023, 17:14
Оқиғалар
Атырауда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жыққан
Күдікті ретінде екі жасөспірім ұсталды
Фото ашық дереккөзден
Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жарақаты салынған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушысы Аликош Романова жүктеді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 сәуірде болған.
«Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жарақаты салынған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ретінде 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер ұсталды. Олар Атырау қаласындағы №2 полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді