Тыйым коронавируске байланысты енгізілген
Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) матч басталар алдында қол алысуға тыйым салды. Бұл туралы УЕФА-ның баспасөз қызметі хабар таратты.
УЕФА-ның мәліметінше, қазір коронавирус Еуропада тез таралып жатыр. Қол алысуға тыйым салу жайлы шешім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өтініші бойынша қабылданған. Енді төрешілер мен футбол клубтары тиісті шешімді мүлтіксіз орындауы керек.