Қытайда коронавирус құрбандарының саны 3136-ға жетті
Бір тәулік ішінде 17 науқас көз жұмды

10 ақпан, сейсенбі күнгі мәлімет бойынша Қытайда COVID-19 коронавирусынан көз жұмғандар саны 3136 адамға жетті. Бір тәулік ішінде 17 науқас (бәрі Хубэй провинциясынан) көз жұмды. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Өткен тәулік ішінде Қытайда 19 адам ауру жұқтырған. Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандардың нақты саны 80754 адамға жетті, 60 мыңға жуық науқас ауруынан айығып, ауруханадан шығарылды», - деп жазады «РИА Новости».
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Қытайда коронавируспен 17,7 адам ауырып жатса, олардың 4,8 мыңға жуығы ауыр халде жатыр.
Аталмыш аурудан көз жұмғандар саны бойынша Италия алдыңғы орында тұр, бұл елде коронавирустан бір тәулікте 20 науқас көз жұмды. Италиялықтар арасында вирус құрбандарының жалпы 463 адамды құрап отыр. COVID-19 вирусына қатысты мұндай ауыр жағдай Иран, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінде де белең алып отыр.
9 наурыз күнгі мәлімет бойынша Ресейде де барлығы 4 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың бәрі Италиядан келгендер екен. Бүгінгі күні бұл елде барлығы 20 адам ауру жұқтырған.