Темір жолда 37 жылқыны басып кетті
Мал иесіне айыппұл салынды

Көкшетау станциясының темір жол төсемінде машинист 37 бас жылқыны басып кетті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
7 наурызда сағат 04.55-те Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөліміне «Қарағай–Уголки» аралығында жүк пойызының машинисі 37 жылқыны қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына Көкшетау станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шыққан. Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың соңында жылқылардың иесі - Ақмола облысының 43-жастағы тұрғыны анықталды.
Тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 1 бөлігі, яғни, темiр жолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзған мал иесін әкімшілік жауапкершілік тартып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салған.