11.04.2023, 12:56
Оқиғалар
Оралда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты
Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады
Фото: mgorod.kz
Оралда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мой город» порталының жазуынша, оқиға 10 сәуірде сағат 19:30-да Перемётное ауылындағы Гагарин көшесінде болған.
«БҚО полиция департаменті Volkswagen Passat көлігінің 26 жастағы жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан. Солға бұрылған сәтте қарсы келе жатқан Suzuki мотоцикліне жол бермегендіктен, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік оны қағып өткен. Соның салдарынан 35 жастағы мотоциклші оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды