Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде
Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде оқушылар төбелесіп, олардың біреуі пышақ жарақатын алды. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 4 сәуірде облыс орталығындағы мектептердің бірінде болған.
«Пышақ жарақатын алған оқушы ауруханаға жеткізіліп, оған дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін, ол үйіне қайтарылды. Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасының қарауына тапсырылды», - делінген хабарламада.