Ақтөбеде дүкеншіні отыз жерден пышақтап өлтіргендерге сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 20 және 16 жылға сотталды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде дүкеншіні отыз жерден пышақтап, жауыздықпен өлтірген нашақорларға үкім шықты. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Сот жасаған қылмыстарының ауырлығына орай Марат Жүсіповті 20 жылға, ал Александр Каневті 16 жылға бас бостандығынан айырды. 

«Бұл екі жігіт жеті ай бұрын Бадамша ауылындағы дүкенге шабуыл жасаған. Олар дүкеншіні отыз жерден пышақтап, жауыздықпен өлтірген. Сонымен қатар марқұмның алтындарын шешіп алып, кассадағы 150 мың теңгені алып кеткен», - деп жазылған мақалада.

Сондай-ақ бұлар түзету мекемесінде нашақорлық пен маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.