$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2023, 15:59
Оқиғалар

Алматы облыстық ПД экс-бастығы Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Сот қаулы шығарды

Алматы облыстық ПД экс-бастығы Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі
Фото: kapital.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуірге сағат 10:00-ге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ.

Осыған байланысты ҚР ҚІЖК-нің 157 және 335-баптарына сәйкес сот С.Құдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, былтыр мамыр айында Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» ретінде Қылмыстық кодексінің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша жүргізілді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Серіктес жаңалықтары