Оқиға Қопа станциясының маңында болған
Алматы облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Қопа станциясының маңында болған.
«23 наурызда сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк пойызының қозғалысы кезінде контейнерлері бар 4 вагон рельстен шығып кетті», - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ және оқиға пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.
Теміржол операторы болған оқиғаның себебін тексеру үшін комиссия құрылғанын мәлімдеді.