$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2023, 16:12
Оқиғалар

Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді

 

Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды
Фото Orda.kz

Бүгін Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өңір басшысының айтуынша, қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар.

«Жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді. Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар. Барлығы жұмыс процесінде 67 сыну тіркелді», - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Айта кетерлігі, бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт болды, кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенді, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаңның жарылуы болды.

«Қазір біз жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беретін режимде тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін станцияның барлық басқаруын өзімізге алуға мәжбүрміз. Мәселеден шығудың жалғыз жолы-Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу, біз осы бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз және оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», - деді Д. Ахметов.

Тақырыпқа орай: Риддердегі ЖЭО-да қандай ақау шыққаны белгілі болды

Еске салайық, бүгін ШҚО прокуратурасы «Риддер ЖЭО» АҚ-ға 11 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатын. Ал қала тұрғындарына жылу тиісінше жеткізілмегені үшін 63 млн теңге өтелді.

Серіктес жаңалықтары