$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2023, 16:24
Оқиғалар

Павлодар облысында апатты жағдай туғызған 100 бас жылқы айып тұрағына қамалды

Полиция табын иесін анықтады

Павлодар облысында апатты жағдай туғызған 100 бас жылқы айып тұрағына қамалды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысы Успен ауданында апатты жағдай туғызған 100 бас жылқы айып тұрағына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Чернорецк - Успен - Шарбақты автожолында, Образцовка ауылының маңында жолда апатты жағдай туғызған жылқылар табыны қараусыз жайылып жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 100 бас жылқыны арнайы айып тұрағына қамады. Табын иесі жылқышыны жалдағанын және оған малды сеніп тапсырғанын түсіндірген, бірақ жылқышы өз міндеттеріне жауапсыз қарағаны анықталды. 

Сол күні Надаровка ауылының маңындағы жайылымда қараусыз 22 бас ірі қара мал анықталды. Иесі 58 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. 

«Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 44 жастағы малшы мен 58 жастағы ірі қара мал иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деді Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев. 

Сонымен қатар, полицейлер мал басының иелерімен жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін осындай фактілерді болдырмау туралы алдын алу әңгімесін жүргізді. 

Серіктес жаңалықтары