$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2023, 13:39
Оқиғалар

Атырау тұрғыны куәгерлердің көзінше өзіне қол жұмсап көз жұмды

Дереккөздер жас жігіттің жекпе-жектен чемпион болғанын айтады

Атырау тұрғыны куәгерлердің көзінше өзіне қол жұмсап көз жұмды
Фото ашық дереккөзден

Атырау тұрғыны куәгерлердің көзінше өзіне қол жұмсап мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, полиция оны тоқтатуға тырысқанымен, үлгермей қалған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада жас жігіттің өзіне пышақ жұмсап жатқан сәтін көруге болады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оны тоқтатуға ұмтылғанымен, бәрі кеш еді.

Желі қолданушылары ер адамның трамадолдың әсерінен жантүршігерлік қадамға барғанын жазады.

Кейбір мәліметке қарағанда, жас жігіт жекпе-жектен чемпион болған. Қайғылы оқиға кезінде ол «трамадол» есірткісін тұтынған болуы мүмкін.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары