Сот отырысы бүгін өтуі тиіс еді
Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен үшінші рет кейінге шегерілді. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Серік Күдебаевтың сот отырысы кейінге шегерілуі оның ауруханаға түсуімен байланысты болған.
Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған еді. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Жуырда Серік Күдебаевтың ұлы Президентке бейнеүндеу жолдаған болатын.
Айта кетейік, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз.