20.03.2023, 10:52
Оқиғалар
Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Қайғылы оқиға Индер-Сағыз тасжолының 83-шақырымында болған
Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Атырау облысында қайғылы жол-көлік апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаиентінің хабарлауынша, адам өлімімен аяқталған оқиға 18 ақпанда Индер-Сағыз тасжолының 83-шақырымында болған.
«Сағат 21:30 шамасында УАЗ мен Toyota Ipsum көлітері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан УАЗ көлігінің 1963 жылы туған жүргізушісі мен Toyota көлігінің 1962 жылы туған жолаушысы қаза тапты. Шетелдік көліктің екінші жолаушысы түрлі дене жарақатымен Индер аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)