16.03.2023, 16:09
Оқиғалар
Атырау облысында канал суына екі бала құлап кетті: біреуі қайтыс болды
Қайғылы жайт Құрманғазы ауданының Бірлік ауылында болған
Фото ашық дереккөзден
14 наурыз күні Атырау облысында кешкі сағат 21:20-да Бірлік ауылында ойнап жүрген балалардың екеуі канал суына құлап кеткен. Мұны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға орнында 10 жастағы бала суға батып, көз жұмған. Ал 7 жасар баланы ауыл тұрғындарды құтқарып алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде екен.
Облыстық Полиция департаменті қазір аталған дерекке байланысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді