Жыртқыш қызыл кітапқа енгізілген
«Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орнатылған фототұзақтың объективтерінің біріне қабылан тағы да түсті. Бұл жолы қорық қызметкерлері сапалы кадр жасады. Бүгінгі күн керемет», - деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.
Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы Үстірт қорығында қабылан бұған дейін фототұзаққа екі рет түсіп қалған болатын. Жалпы, қорықта жыртқыш екі жыл бұрын пайда болған. Хайуанаттың қатары сиреп бара жатқандықтан қызыл кітапқа енгізілген.