15.03.2023, 14:51
Оқиғалар
Жамбыл облысында қараусыз ғимараттан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қару-жарақ қараңсыз қалған ғимараттың ішінен табылған.
«Меркі ауданында қараусыз қалған ғимараттардың бірінен, бұрынғы аудандық тұтыну қоймасынан полиэтилен пакет табылды. Оның ішінен зауыттық нөмірлері механикалық түрде өшірілген ИЖ қос, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, әртүрлі калибрлі 12 патрон және жарық-шу гранатасы болды», - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды