Тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды
Жол көлік оқиғасы сенбі күні сағат 14:00-де Алматы-Өскемен тас жолының 82-шақырымында болған деп жазады Zakon.kz.
Audi 100 автокөлігі трассаның солтүстік бағытында келе жатып жолды екіге бөліп тұрған темір қоршауға соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, автокөліктің сау-тамтығы қалмаған.
Жол апаты салдарынан жүргізушінің әйелі қайтыс болды. Жүргізушінің өзі айтардықтай жарақат алмаған. Сондай-ақ, көлікте болған тағы екі жолаушы – анасы мен баласы да зардап шекті: жас жігіттің қолы жұлынып кеткен.
Марқұмның туыстарының айтуынша, көлік жүргізушісі жол үстінде ұйықтап кеткен. Қазір мән-жайын облыстың полицейлері анықтап жатыр.