04.03.2020, 18:37
Оқиғалар
Ақтөбе шипажайында тәрбиеші баланы сүлгімен ұрып-соққан
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Әлеуметтік желілерде баланы сүлгімен ұрып-соққан тәрбиешіге қатысты видео жарияланды. Бұл жағдай Ақтөбе облыстық «Чайка» балалар шипажайында болғаны анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
«Аталған факті бойынша Алматы ауданының №4 полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 140-шы бабы (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дене жарақаттарының болуы мен ауырлығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен балалар шипажайында болған оқиғаны анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді