Атырау облысында қайғылы жол апатынан 4 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханасына жеткізілді

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 28 ақпанда Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 492 шақырымында болған.

«Сағат 7:55 шамасында Мақат – Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.