$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2023, 10:57
Оқиғалар

Павлодар облысында тікелей эфирде балағат сөз айтқан ер адамға айыппұл салынды

24 жастағы құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

Павлодар облысында тікелей эфирде балағат сөз айтқан ер адамға айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында тікелей эфирде балағат сөздер айтқан ауыл тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық полиция департаментінінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция өкілдері TikTok мониторингі барысында Новоямышево ауылының тұрғынының желіде тікелей эфирге шығып, әдепсіз сөздер айтқанын анықтады.

«Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 24 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралып, ауыл тұрғынына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді Павлодар аудандық полиция бөлімінің басшысы Дулат Төкенов.

Жыл басынан бері облыс полицейлері азаматтардың заңға салғырт қарап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған өзге де 140-қа жуық ұсақ бұзақылықтың жолын кесті.

Серіктес жаңалықтары