$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хатайда тағы 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Арсуз қаласынан 6 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі 9,26 шақырым тереңдікте тіркелді

Хатайда тағы 5,1 балдық жер сілкінісі болды
Фото ашық дереккөзден

Түркиядағы Хатайдың Арсуз ауданында 5,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Anadolu» агенттігіне сілтеме жасап.

Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару (AFAD) ақпаратына сәйкес, эпицентрі Жерорта теңізінде орналасқан  5,1 балдық жер сілкінісі болды.

Арзуздан 6 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі 9,26 шақырым тереңдікте тіркелген.

Хатайдың губернаторы Рахми Доған Anadolu агенттігінің (AA) тілшісіне олар жер сілкінісінен кейін қандай да бір жағымсыз оқиғалар, соның ішінде ғимараттардың зақымдануы туралы ешқандай хабарлама алмағанын айтты.

«Біздің топтар аумақты сканерлеуді жалғастырып жатыр»,— деді губернатор.

6 ақпанда Түркияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асып кетті. Түркияда 3 қазақстандық қаза тапты.

Айта кетейік, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары