15.02.2023, 10:22
Оқиғалар
Алматыда тағы да автобус өртеніп кетті
Қызыл жалынға оранған автобустың ішінде жолаушылар болмаған
Бүгін Алматыда Төле би – Шығыс айналма жолында тағы бір қоғамдық көлік өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhу.
Өрт таңғы сағат 08:27- де болған.
Қызыл жалынға оранған автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Оқиға орнына 8 қызметкер, 2 бірлік техника жеткен.
«Дереу жанып жатқан автобусты сөндіруге көбігі бар оқпандары беріліп, сондай - ақ автобус конструкцияларын салқындатуға бөлек өрт оқпандары бағытталды. Қабылданған шаралармен өрт 08:50-де оқшауланды. Зардап шеккен адамдар жоқ»,- деп мәлімдеді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.
Айта кетейік, өртенген № 131 бағытта қатынайтын «Алматыэлектротранс» ЖШС – ға тиесілі.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты