09.02.2023, 15:32
Оқиғалар
ҰҚК шекарадан заңсыз өтпек болған шетел азаматтарын ұстады
Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ақтөбе облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Аталған адамдар қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, ары қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған. Алайда, Ресейге кіруге шектеу болғандықтан, олар арнайы киім киіп, тәуліктің қараңғы уақытында өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды