06.02.2023, 15:49
Оқиғалар
Семейде бір үйдің екі адамы пештен шыққан ысқа уланып қалды - ТЖМ
Оқиға 5 ақпан күні болған
Фото ашық дереккөзден
5 ақпан күні Семейде бір ересек адам мен жасөспірім пештен шыққан ысқа уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 5 ақпанында жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен жедел жәрдем бригадасы Козбагаров, 23 мекенжайына барғаны жөнінде хабарлама түскен. Онда екі адам пештен шыққан түтінге уланып қалған.
Осыған орай Абай облысының ТЖД жеке тұрғын үй иелерінен пешті пайдалану кезінде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін ескертті:
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау қажет;
- пеш қалауында жарықтардың болуы, бітелген мұржа қайғылы салдарға әкелуі мүмкін;
- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
- көмір жанып біткенше пеш жапқышын жаппаңыз;
- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы төсемеге орналастыруға болмайды;
- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге болмайды;
- күл мен қожға су төгіп, қауіпсіз жерге шығару қажет;
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды