Түркістан облысында 200-ге жуық ауланың суы тазартылды – ТЖМ

Автор: Azattyq Rýhy

Сауран ауданының тұрғындары үйлеріне орала бастады

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ТЖМ өкілдері Сауран ауданының эвакуацияланған тұрғындары біртіндеп үйлеріне орала бастағанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 200-ге жуық аула судан босатылды. Жалпы 85 аула аумағынан 197 текше метр су сорып шығарылды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ және ЖАО күштерімен үйлерді су басу салдарын болдырмау және азайту мақсатында аула аумақтарынан суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде, құм салынған қаптарды төсеу және су бұру арналарын тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

«Барлығы 15 300 қап төселді. Облыстық жедел штаб жұмыс істейді. Облыс базасында жедел желі телефоны ашылды», - делінген хабарламада.