Павлодарда хабарсыз кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр
Жоғалған азаматтарды Vita еріктілері іздестіріп жатыр
Павлодарда хабарсыз кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр. Олардың бірі – Сайлау Ақбаев, деп хабарлайды Azattyq ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita еріктілерінің айтуынша, ер адам былтыр 15 желтоқсанда Гагарин көшесі, 66 мекенжайынан белгісіз бағытта шығып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз.
Бойы - 163-165 см, көздері қоңыр, шашы ақ. Қара куртка, қара шалбар мен жейде киген, бас киімде болған.
Виталий Рыбалкин 21 қаңтарда Ломов көшесі, 184 мекенжайы бойынша шыққан. Сол кеткеннен бері оның да қайда жүргені беймәлім.
Бойы - 172 см, көздері көк, сол жақ қасында тыртық бар.
Vita еріктілері осы екі азаматты көрген немесе қайда екенін білетін жандар болса полицияға хабарлауды сұрайды.