Зардап шеккен жүргізуші әйел мен 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді
Жетісу облысы Панфилов ауданында жол-көлік апаты салдарынан әйел адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Алматы-Қорғас тасжолының 337 шақырымында болған
«29 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, соның салдарынан Lada автокөлігі аударылып кеткен. Жол апатынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды. Зардап шеккен жүргізуші әйел мен екі жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде жол апатының себебі анықталып жатыр. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.