$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2023, 14:20
Оқиғалар

Түркістан облысындағы төтенше жағдай: Арыста бір үй су астында қалды

ТЖМ басшысы су басқан аймақтарды аралауға шықты

Түркістан облысындағы төтенше жағдай: Арыста бір үй су астында қалды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Юрий Ильин Сауран ауданының төрт елдімекенінде су басу салдарын жою барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, әкімдікке келтірілген залалды бағалау бойынша комиссиялық аралауды ұйымдастыру тапсырылды.

«Елдімекендерді аралау жалғасуда. Жедел шараларды ұйымдастырумен құтқару бөлімшелері мен ЖАО жағдайды тұрақтандырды. Арыс қаласында бір үй су астында қалды. Елдімекендерде негізінен аула аумақтары су астында қалды, онда суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді министр Юрий Ильин.

Жедел штабтың мәліметінше, Ордабасы ауданындағы елдімекендегі су сорылған. Жақын арада министр Кентау қалаларында, Бәйдібек және Созақ аудандарында болады. Қазіргі уақытта инертті материалдары бар 14500 дана қап салынған. Арыс өзенінде 3 гидрологиялық бақылау бекеті қойылған.

Серіктес жаңалықтары