$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 01:25
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда 11 жасар бала ауладан жоғалып кетті

2009 жылы туған Жексенбай Асқар 27 ақпан күні жоғалып кеткен

Нұр-Сұлтанда 11 жасар бала ауладан жоғалып кетті

Әлеуметтік желілерде волонтерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы аулалардың бірінен 11 жастағы жеткіншектің жоғалып кеткені туралы хабарлап, желі қолданушыларынан бала туралы ақпаратты көптеп таратуды сұрауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

2009 жылы туған Жексенбай Асқар 27 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы аулалардың бірінен жоғалып кеткен. 

Баланың туған-туыстары оның сол күні туысқан әпкесінің үйінен шығып кеткенін айтады.

Жеткіншекті соңғы рет сағат 18.00 шамасында үй ауласында ойнап жүргенде көргендер бар екен. Содан кейін бала із-түзсіз жоғалып кеткен.   

Жексенбай Асқардың ерекше белгілері: бойы 150 см, арықша келген, қой көзді, қара шашты.   

Баланың үстінде сұр түсті тақия, қызылқоңыр күрте, сұр шалбар және қара аяқ киім болған. 

Еріктілер жоғалған жеткіншек туралы хабарландыруды көбірек таратуды сұрайды. 

Серіктес жаңалықтары