30.01.2023, 14:09
Оқиғалар
Павлодарда ер адамның аяғын пойыз басып кетіп, ампутация жасалды
Ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда 59 жастағы ер адамның аяғына ампутация жасалды, деп хабарлайды Azattyq ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
103 жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 28 қаңтарда сағат 10:54-те Успен көпірі маңындағы теміржолда ер адамның аяғын пойыз басып кеткені туралы хабрлама түскен.
«Зардап шеккен 59 жастағы ер адам болып шықты. Көптеген жарақаттар, аяқтың травматикалық ампутациясы, екінші дәрежелі аралас шок және басқа да жарақаттар анықталды», - деді станцияда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 59 жастағы ер адам ота жасалғаннан кейін жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын хабарлады.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 09:35
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі уланып қалған футболшылардың көңілін сұрап барған
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды