$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2023, 12:56
Оқиғалар

Түркістанда 600 мың теңге үшін күйеуге берілген оқушы қыз оқиғасы: ПД пікір білдірді

Іс Түркістан облысы ПД бақылауына алынды

Түркістанда 600 мың теңге үшін күйеуге берілген оқушы қыз оқиғасы: ПД пікір білдірді
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында 15 жастағы қызды анасы қалыңмал үшін күйеуге берген оқиғасына қатысты облыстық полиция депратаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызы бойынша, Жетісай ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабымен «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген ПД хабарламасында.

Анықталғандай, қыз танысына тұрмысқа шыққан. Алайда анасы келіспей, қызды жас жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен.

«Қазіргі кезде тиісті сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс Түркістан облысы ПД бақылауына алынды», - делінген хабарламада.

Тақырыпқа орай: Түркістан облысында анасы оқушы қызын 600 мың теңге қалыңмал үшін күйеуге берген

Еске салсақ, 15 жастағы қыз баланың әкесі 2022 жылдың соңында бұрынғы әйелінің қызын алып қашқандарды 600 мың теңге қалыңмал үшін кешіре салғанын айтып шағымданғанын жазған болатынбыз. Ер адам кінәлілер ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабын бұзғаны үшін жазалануы тиіс екенін мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары