25.01.2023, 11:07
Оқиғалар
Қарағанды облысында жұмысшы кен үйіндісінің астында қалып қаза тапты
Қайғылы оқиға 25 қаңтарда болған
Қарағанды облысында ресейлік еншілес кәсіпорын қызметкері кен үйіндісінің астында қалып қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 25 қаңтарда болған.
«Қабылдау бункерінде кенді көсеу жұмыстары кезінде «Nova Цинк» ЖШС жұмысшысы оқыстан бункерге құлап кетті. Кен ағыны астында қалған қалған жұмысшы тұншығып қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады.
Айта кетерлігі, «Nova Цинк» серіктестігі қорғасын-мырыш кендері өндірілетін Ақжал кен орнында кен игеріп жатыр.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады