Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда қару-жарақ арсеналы жасырылған орын табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Атыс қарулары мен оқ-дәрілер қалалық полицияға тапсырылды

Талдықорғанда атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғанда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шығыс шағын ауданында қару жасырылған орынды тапты. Қару-жарақ қоймасы құқық қорғау органдарына келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес анықталды.

«Сол жерде қарудың тұтас арсеналы – жиналмалы шүйде және екі оқжатарымен бірге Сайга-762 иір ойықты мылтық, 16 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ 79-8 газ тапаншасы, сонымен қатар сақтандырғышы бар РГД-5 гранатасы және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді», - делінген хабарламада.  

Дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша СДТБТ-да тіркеліп, ол бойынша тергеу баллистикалық сараптама тағайындалуымен қалалық полицияға тапсырылды.

Жасырын орыннан табылған қарудың қаңтар айындағы тәртіпсіздікте ұрланған қаруға қатысы бар-жоғы тергеу аясында анықталады.