$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2023, 13:38
Оқиғалар

«Арқанда асылып тұрған»: Павлодарда полицей ер адамды құтқарып қалды

Ол өзіне қол салатыны туралы әйеліне айтқан

«Арқанда асылып тұрған»: Павлодарда полицей ер адамды құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалған полиция қызметкері ер адамды туыстарына тапсырды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 21:35 шамасында күйеуі үшін алаңдап тұрған әйел учаскелік инспектор полиция капитаны Қуаныш Алиновқа қоңырау шалған. Ол күйеуі өзіне қол саламын деп қорқытқанын айтқан. 

Учаскелік полиция қызметкері әйел адамның қазіргі уақытта балаларымен бірге көрші ауылда ата-анасымен бірге тұрып жатқанын анықтаған. 

«Биыл қаңтар айынан бастап мен балаларыммен ата-анаммен бірге тұрамын. Жолдасым қоңырау шалып, әңгіме барысында егер мен бір сағат ішінде балаларыммен үйге оралмасам, ол өмірімен қош айтысатынын айтып қорқытты. Ол біз тұрған ескі үйде болуы мүмкін», - деген әйелі. 

Полиция капитаны Қуаныш Алинов дереу жедел іс-қимылдарға кірісіп, көрсетілген мекенжайға жеткен. 

«Мен үйге келгенде айнала қараңғы еді, аулада ит жүгіріп жүрді. Тез жоспар құрастырып, іс-әрекетке кірістім. Пәтердің есігі ішінен құлыппен жабулы болды. Бүкіл ауланы қарап шыққаннан кейін мен шамды қосып, үйдің барлық терезелерінен қарай бастадым. Олардың бірінде мен арқанға асылып тұрған адамды көрдім. Жылдам көлікке қарай жүгіріп, монтировканы алып, әйнекті сындырып, үйге кірдім. Ер адамды арқаннан түсіріп алдым. Бірден оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жидырып, жедел жәрдем шақырдым», – деді Қуаныш Алинов.

Учаскелік инспектор медициналық көмек көрсеткен соң туыстары келгенге дейін онымен әңгімелесіп, қасында болған.

Серіктес жаңалықтары