ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты

Қарағанды облысында подъездің лас екенін айтқан зейнеткерді ұрып өлтірген

Марқұмның денесін көршілері екі тәуліктен кейін өз үйінен тапқан

Қарағанды облысында пәтердің жөндеу жұмысымен айналысып жүрген жұмысшы сотталды. Ол подъездің лас екенін айтып, ескерту жасаған зейнеткерді пышақтап өлтірген деп жазады BaigeNews.kz.

Тергеу мәліметтеріне сенсек, 70 жастағы әйелге өзі тұратын көпқабатты үйдің тазалығы ұнамай, ол жөндеу жұмысымен айналысып жүрген ер адамға былғанған аяқ киіммен подъезге шықпа деп ескерту жасаған. Зейнеткердің бұл сөзі жұмысшыға ұнамай қалып екеуінің арасында жанжал басталған, арты қайғылы жағдаймен аяқталыпты.

Сотталушы қарт кісіні 5 рет пышақтап, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Арада екі күн өткенде марқұмның денесін өз үйінен көршілері тауып алыпты.

Сот ер адамды айыпты деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.