$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.02.2020, 05:24
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 4 шетелдік азамат қаза тапты

Қайғылы оқиға Қарабұтақ – Қостанай автожолында болған

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 4 шетелдік азамат қаза тапты

Қайғылы жол-көлік апаты 25 ақпан күні Қарабұтақ – Қостанай автожолында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Honda минивені мен жүк көлігі сағат 13.00 шамасында Қарабұтақ – Қостанай автожолында соқтығысқан.

Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты.

«Алдын ала болжам бойынша армениялық нөмірлі Honda (минивен) автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 52 жастағы алматылық азамат жүргізіп келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік апаты салдарынан Honda автокөлігінің жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Олардың бәрі Тәжікстан Республикасының азаматтары», – делінген ведомство хабарламасында. 

Дереккөз: «Мой ГОРОД»

Серіктес жаңалықтары