16.01.2023, 12:48
Оқиғалар
Атырау облысында жол апатынан бір әйел қаза тапты
Тағы 11 адам ауруханаға жеткізілді
Фото ашық дереккөзден
Атырау облысында жол апатынан бір әйел қаза болып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq ruhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
«13 қаңтарда күндіз "Құлсары - Ақкиізтоғай" тас жолында ЖКО орын алып, бір адам қайтыс болды, бірнеше адам жарақат алған»,- делінген хабарламада.
Ақкиізтоғай ауылына 5 шақырым қалғанда "Киа" көлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы жолдағы "Лада Приора" көлігіне соқтығысқан.
«Салдарынан "Лада Приорадағы" 53 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тауып, екі көліктегі 11 адам Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді (жарақат алғандардың ішінде 5 жасар қыз бала бар)»- делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді