$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2023, 14:09
Оқиғалар

Тайландқа демалғысы келген павлодарлық ерлі-зайыпты алаяқтарға алданып қалды

Полицейлер азаматтардан бейтаныс адамдарға ақша жібермеуді сұрайды

Тайландқа демалғысы келген павлодарлық ерлі-зайыпты алаяқтарға алданып қалды
Фото ашық дереккөзден

Тайландқа демалғысы келген павлодарлық ерлі-зайыпты алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласының 47 жастағы тұрғыны полицияға жүгінген.

«Жұбайымен демалуды жоспарлаған ер адам алаяқтардың құрбаны болғанын айтты. Олар инстаграм әлеуметтік желісінде шетелге туристік жолдамалардың жарнамасын көріп, ұсыныспен танысқан. Ол жерде екі адамға төмен бағамен жолдама ұсынған. Степногорск қаласында орналасқан агенттік еш күмән тудырмаған. Жазылушылар саны көп болғандықтан сезіктенбеген. Енді тек турдың ақысын төлеу керек болған», – дейді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Павел Павлов.

Параққа тіркелген нөмір бойынша тиімді ұсынысқа сеніп қалған ерлі-зайыпты Тайландқа 681 мың теңге сомасына екі адамға тур сатып алған. Ақша аударғаннан кейін менеджер бірден байланысқа шығуды тоқтатқан соң алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген олар полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері интернет-алаяқтыққа күдіктілерді анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары