«Берел» музейінің директоры 10 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды

factum.kz

«Берел» «мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ресми сайтында мекеме директоры Жангелді Жәнібекұлы Ахмадиев деп көрсетілген. 

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» «мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК директоры мен мұражайдың басқа да қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар іс жүзінде қызмет көрсетусіз «Бітім» және басқа да үлестес жеке кәсіпкерлермен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жалған жасасу арқылы жүйелі негізде 10 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде», - делінген агенттік хабарламасында.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.