$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2023, 12:50
Оқиғалар

Алматыда ер адамның үйінен 100 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Өндіріске айналған үй Алматының Алатау ауданында орналасқан

Алматыда ер адамның үйінен 100 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Алматыда 32 жастағы ер адам синтетикалық есірткі жасаумен әрі оны сатумен айналысып келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күдікті арнайы іс-шара барысында ұсталды. Ал есірткі зертханасы жойылды.

«Жедел әдіспен алынған ақпарат мұқият тексерілді және расталды. Бірнеше ай бойы өндіруші зертхана жұмысын реттеп, онда синтетикалық «мефедрон» препаратын жасап келген. Белгілі болғандай, Б.есімді азамат жұмыс берушінің желідегі онлайн нұсқауларын орындаған. Куратор оған қажетті шикізаттың жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, зертханалық жұмыстарды үйреткен. Химик-есірткі сатушы қосалқы бөлмесі бар жеке үйді жалға алған. Күдікті мұндай әрекетке ақша үшін барғанын айтты», - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Тінту кезінде ол жерден прекурсорлар, шикізат, сатуға дайын синтетикалық есірткі және шыны ыдыстар түріндегі инвентарь, сұйықтықтары бар полиэтилен канистрлер, пробиркалар, бөтелкелер, таразылар мен электр пештері табылды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары