$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2023, 10:58
Оқиғалар

Жамбыл облысында ер адамнан 30 келіден астам есірткі тәркіленді

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Жамбыл облысының полицейлері Алматы тұрғынынан 30 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 7 қаңтарда Алматы қаласының тұрғыны отырған ВАЗ-2107 автокөлігін тексеру кезінде есірткі заты бар үш қапшық анықталды. Ер адам аталған көліктің жолаушысы болған. Автокөлік Тәтті ауылының маңындағы Меркі – Шу – Бурылбайтал республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ұсталды.

«Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп автокөлікті ұстады. Жалпы салмағы 30,7 келі болатын кептірілген марихуана есірткі заты жүк салғышта болған. Аталған есірткі заттарын жолаушы Алматы қаласына одан әрі өткізу үшін тасымалдаған», – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта ары қарай жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары