Қарағандыда қайтыс болған 2-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр
Ол коронавирустан қайтыс болмаған

Қарағандыда қайтыс болған 2-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр. Бұл туралыДенсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қарағандыда болған жағдайға байланысты, біріншіден, сәбидің ата-анасына көңіл айтамын. Қайғысына ортақтасамын. Баланың өлуінің себебі нақты анықталмаған. Сот-медициналық сараптамасының алғашқы қорытындысы бойынша асфикциядан, яғни құсудан қайтыс болды. Тергеу қазір жалғасып жатыр. Бала коронавирустан қайтыс болған жоқ», - деді Есмағамбетова.
Ол суық тиіп қайтыс болды деп хабарланған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елімізде сәби өлімінің артқанын растаған еді. Биыл 9 айда сәбилердің өлім-жітімі 8,18% құрады. Өткен жылдың 9 айында нәресте өлімі 7,92% болған.
Ведомствода балалар арасында тыныс алу ағзаларының аурулары, қан және қан түзу, ас қорыту жүйелері, жарақаттар, улану мен сыртқы себептер әсері салдарынан пайда болатын ауру түрлерінің жиі кездесетіні айтылды.