$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2022, 13:05
Оқиғалар

СҚО-да 15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

Оқиға 27 желтоқсанда Шал ақын ауданында болған

СҚО-да 15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
Коллаж: Azattyq Ruhy

СҚО-да 15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 27 желтоқсанда сағат 8:20 шамасында Шал ақын ауданында болған.

«Ыбыраев ауылындағы Центральная көшесінде Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі 2007 жылы туған 10-сынып оқушысын қағып кетті. Автокөлік жүргізушісі зардап шеккен кәмелетке толмаған қыз баланы Шал ақын аудандық ауруханасына жеткізді. Кейін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізушінің мас болмағаны анықталды.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр.

Серіктес жаңалықтары