Оқиға 26 желтоқсан күні түнде болған
Екібастұзда жол апаты болып, көліктегі жолаушылардың бірі көз жұмып, екіншісі ауруханаға түскен болатын. Темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушінің есірткі қолданғаны анықталды.
Оқиға 26 желтоқсан күні түнде болған.
32 жастағы ВАЗ жүргізуші Кеншілер көшесімен келе жатып, ағашқа соғылған. Оқиғаның салдарынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды, екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.
«Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.